Home
«B0» 40“K» AB0=-B0;8O !0C40 ?0;0B0AK» é70@0 K=BK94K PDF Stampa E-mail
Scritto da Administrator   
lunedì 20 luglio 2009
accordo209.jpgАСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат – Бүгін «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы мен «Қазақстан-Италия Сауда палатасы» өзара ынтымақтастық хаттамасына қол қойды,деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш одақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Италия елінің кәсіпкерлері қазақстандық әріптестерімен тығыз жұмыс жасауға ниетті. Бүгінгі таңда 8 ірі италияндық компания біздің елімізде бірлескен кәсіпорын ашып, зауыттарын тұрғызуға дайын отыр. Олардың қатарында әлемге өз тоңазытқыштары мен кір жуғыш мәшинелерімен танылған «Candy Spa» және шыны-әйнектерден құрылыс материалдарынан бастап, ыдыстар, әшекей бұйымдарын даярлайтын «Tenova Spa» секілді ірі компаниялар бар. Бүгін «Атамекен» Одағының орталық кеңсесінде палата төрағасы Азат Перуашев пен Қазақстан-Италия экономикалық палатасының атқарушы президенті Марко Граната өзара ынтымақтастық хаттамасына қол қою рәсімі барысында осы ақпараттарды мәлім етті. Бекітілген құжат арқылы тараптар, қазақстандық және италияндық бизнес өкілдері арасында өзара тиімді келіссөздерді жүргізуге негіз болып, бірлескен кәсіпорындар ашу үшін барлық қолайлы жағдайды жасауға келісті. Қазіргі уақытта түрлі салада қызмет еткен 8 мыңнан астам компаниялардың басын біріктірген «Қазақстан-Италия Сауда Палатасы» соңғы 4 жыл ішінде екі елдің бизнесі арасын барынша жақындастыру ісін жүргізіп, жетілдірді. Өзінің Қазақстандағы сенімді әріптесі ретінде аталған сауда палатасы «Атамекен» Одағына» ерекше үміт артады. Алғашқы қадам – бүгінгі хаттаманың бекітілуі бірқатар түйінді мәселелерді шешуге сеп болды. Бұдан былай екі елдің қос палатасы бір жағадан бас шығарып, ірі жобаларды жүзеге асыруға белсене кіріспек. Алдымен қазақ жерінде жұмысын бастауға ниеттеніп отырған сегіз компания бойынша нақты жұмыстар қолға алынады. Сонымен қатар Италия және Қазақстан бизнес өкілдерінің тиімді жұмыс жасауы үшін елімізде кеңес беретін, заңнамалық көмек және тіл мәселесімен айналысатын сервистік орталық ашу жоспарланды.

Ultimo aggiornamento ( martedì 21 luglio 2009 )
 
< Prec.   Pros. >

strada_europa.jpg

joint_action.jpg

Soci sostenitori

Image

Le convenzioni

convenzioni.jpg

La Newsletter

rosetti marino
© 2010 Camera di Commercio Italo Kazaka
Joomla! un software libero rilasciato sotto licenza GNU/GPL.

logo creative commons

I contenuti di questo sito, salvo diversa indicazione, sono rilasciati sotto una licenza Creative Commons License
Tutti i marchi sono proprietà dei rispettivi proprietari